Құрметті сайт қонақтары, әріптестер, студенттер және ата-аналар!
Жеке блогымның парақшасына қош келдіңіздер!
Сіздермен осы блог арқылы тікелей байланыс орнатып, колледжіміздің тыныс-тіршілігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік алғаныма шын жүректен қуаныштымын. Бұл алаң – білім мен тәжірибе алмасудың, өзара сенім мен тығыз қарым-қатынастың ордасы. Әрқайсыңыздың пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз бен көкейде жүрген сұрақтарыңыз біз үшін өте маңызды. Ортақ мақсат жолындағы бұл бастамамыз бірлескен жұмысымыздың тиімді құралына айналады деп сенемін.
Сіздерді Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің ресми сайтында қарсы алғаныма қуаныштымын. Біздің оқу орнымыз – денсаулық сақтау саласы үшін кәсіби, мейірімді әрі құзыретті мамандар даярлайтын өңірдегі беделді білім ордасы.
Сіздерді колледжіміздің өмірімен жақынырақ танысуға шақырамын. Бұл сайттан өзіңізге қажетті барлық нақты ақпаратты таба алатыныңызға сенімдімін.
Бізбен бірге болашағыңызға сеніммен қадам басыңыз!
Құрметпен, Калиева Гульмира Абдикеновна
Директор блогы
Пікірлер қосу