Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі – 90 жыл, сапалы білім, танымал түлектер және жоғары білікті оқытушылар
Қарағанды, Чкалов қ., 9
+7 (7212) 41-45-32
+7 (7212) 78-00-95
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі – 90 жыл, сапалы білім, танымал түлектер және жоғары білікті оқытушылар
Қарағанды қаласының медицина колледжі

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.103): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/karmedkolledzh.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Жатақхана

2015 жылы ҚР Азаматтық Кодексінің 9-б. сәйкес  Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 54/07 «Мемлекеттік мекеменің  құрылымын және Ережесін бекіту туралы», «Қарағанды облысының  мемлекеттік активтері мен сатып алуларды басқару» қаулысымен,  «Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы»  ММ-ның 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 8-1-4-5178 хаты негізінде  Қарағанды қаласы Құрылысшылар даңғылы  22 үйде орналасқан жалпы алаңы -634 ш.м. «Қарағанды қ. №5 емханасы»   ҚМК  ғимараты «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК-ға берілді.

Жатақхана ғимаратында студенттердің жайлы тұруына  барлық жағдайлар жасалған. Тұрмысқа жайлы,  заманауи жиһаз және құрал-жабдықталған екі-үш орындық бөлмелер: ортопедиялық матрастарымен кереуеттер,  үстелдер, орындықтар, киім шкафтары мен төсек жабдықтары бар.  

Тұрмыстық бөлмелері  кір үтектейтін тақталармен,  кір жуатын машиналармен,  кептіргіштермен жабдықталған.

Жатақханада  жабдықталған гигиена бөлмесі,  санитарлық жүйе,  себезгі кабинасы бар.

Жатақхана ғимаратында  қажетті заманауи тұрмыс техникасы (тоңазытқыш, тоқ пеш, аз толқынды пеш, шәйнек, ыдыс-аяқ) және құрал-саймандармен жабдықталған кең ас бөлмесі бар.

Оқу бөлмесіне қажетті жиһазбен, сондай-ақ ноутбуктармен, интернет, принтер, сканер, электронды кітапханамен жабдықталған.

Жатақханада тәрбиелік, мәдени-көпшілік, санитарлық-гигиеналық, спорттық-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру және студенттердің тұрғылықты-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін Студенттік Кеңес жұмыс жасайды.