Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі – 90 жыл, сапалы білім, танымал түлектер және жоғары білікті оқытушылар
Қарағанды, Чкалов қ., 9
+7 (7212) 41-45-32
+7 (7212) 78-00-95
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі – 90 жыл, сапалы білім, танымал түлектер және жоғары білікті оқытушылар
Қарағанды қаласының медицина колледжі

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.103): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/karmedkolledzh.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Оқу мекемесіндегі әрбір адам уақыт өткен сайын оқу үрдісіне немесе жеке басына қатысты мәселелерге тап болады. Осындай жағдайда психолог маманның көмегін және беретін ұсыныстарын жиі қажет етеміз.

 

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің

психологиялық қызмет көрсету орталығы бар

Қызмет көрсетудің негізгі міндеті колледж студенттеріне, олардың ата-аналарына, оқытушыларға және қызметкерге көмек көрсету болып табылады.

 

Психологиялық көмек жеке және топтық  кеңес беру, психологиялық тестілеу, тренинг, жеке және топтық түзету-дамыту сабақтары, белгілі мәселелер бойынша дәріс және семинар түрінде жүзеге асырылады. 

 

 Сіздерге көмек көрсетуші педагог-психолог

Едембаева Гульмира Кенжебекқызы

Сіздерді

9.00-ден 13.00-ге дейін,

14.00-ден 17.00-ге дейін

 дүйсенбі-жұма аралығында күтеміз

 

Кеңес беру, тестілеу және жеке-топтық сабақтар өткізу жұмыстары аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері жүргізіледі.

 

Психологиялық қызмет жұмысының негізгі қағидасы – құпиялылықты және  өз еріктілігін сақтау болып табылады.

 

Психологиялық қызмет көрсету орталығы

төмендегі мәселелерді шешуге бағытталған кеңес беруді жүзеге асырады:

 

1.Колледж студенттері үшін

 

  • оқу барысындағы мәселелер (бейімделу, мотивация, әріптестердің және студенттер арасындағы қақтығыстар, колледж педагогтерімен түсініпеушілік);
  • проблемалық жағдайлар (қалада тұруға бейімделу кезіндегі, колледжде оқу кезіндегі қиындықтарды басынан өткерген студенттерге, тәртіп бұзған студенттерге кеңес беру);
  • оқу дағдыларын қалыптастыру мәселелері;
  • танымдық психикалық процестің дамуы: жат, зейін, ойлау қабілеті;
  • өзін-өзі дамыту мәселелері;
  • қарым-қатынас мәселелері;
  • күйзелістер, депрессиялық жағдайлар;
  • жақын адамнан айырылу;
  • отбасылық мәселелер (ата-ана мен бала арасындағы, жұбайлардың арасындағы қарым-қатынас мәселелер);
  • шылымға тәуелділік және т.б.

 

  1. Оқытушылар мен кураторларға (топ жетекшілеріне) психологиялық демеу беру

 

  • студенттер, әріптесер арасындағы қарым-қатынастарғы қиындықтар немесе келіспеушілік;
  • кәсіби даму және өз бетінше даму мәселелер;
  • кәсіби қызметтегі мәселелер;
  • жас мамандардың бейімделуі;
  • студенттердің танымдық мотивациясын қолдау және қалыптастыру
  • әлеуметтік-психологиялық ахуалдың ерекшеліктерін, студенттік топтардағы қарым-қатынастардың сипаттамасын зерттеу;
  • студенттердің кураторлық жұмысқа қатысты көзқарасы мен үміттерін анықтау;
  • студенттердің колледжде оқуға бейімділігін зерттеу (бірінші курс студенттеріне қатысты);
  • студенттердің оқуға мотивациясын зерттеу;
  • және тағы басқа.

 

 психология мәселелері бойынша кураторлық сағаттарды ұйымдастыру және өткізу;

- психология мәселелері бойынша тренинг сабақтар,  дәрістер және семинарларды ұйымдастыру және өткізу.

 

  1. Ата-аналарға кеңес беру, психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу:

 

  • Отбасылық мәселелер (бала-ата-ана арасындағы және жұбайлар арасындағы қарым-қатынас мәселелері);
  • Балалармен қарым-қатынастағы қиыншылықтар мен түсінбеушіліктер;
  • Оқу тәртібін бұзуға қатысты проблемалық жағдаяттар және т.б.

 

Егер жоғарыда көрсетілген мәселелер сізді қызықтыратын болса, психологиялық қызмет көрсету орталығына келіңіз. Келген уақытыңызда, Сізге қызмет көрсетуге мүмкіндіктер табылмаса, ыңғайлы уақытты таңдап алуыңызға болады.