Мамандықтар тізбелері
Қарағанды қаласының медицина колледжі мамандарды дайындау ісі келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
|
«ЕМДЕУ ІСІ» мамандығы Біліктілігі «Фельдшер» Оқу мерзімі: 2 жыл 10ай (11 сынып базасында) және 3 жыл 10 ай (9 сынып базасында) |
«АКУШЕР ІСІ» мамандығы Біліктілігі «Акушер» Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай |
«МЕЙІРГЕР ІСІ» мамандығы Біліктілігі «Жалпы тәжірибедегі мейіргер ісі» Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай (11 сынып базасында) және 3 жыл 10 ай (9 сынып базасында) |
|
Мамандарды фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттерде, қалалық мекемелерінде дәрігерге дейінгі көмек, емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру және тікелей көрсету үшін мамандарды дайындайды.
|
Өз бетінше жұмыс істейді, амбулаторлық қабылдау ісін жүргізеді, жүктілер мен босанған әйелдерге үй жағдайында патронаж жасайды, әйелдердің алдын ала тексеру және санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізеді.
|
Мейірбике денсаулық сақтау мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектептің емдеу кабинеттерінде емдеу-диагностикалық емшараларын орындау, сырқаттарға бақылау, күтім жасау, алдын-ала шараларды өткізу жұмыстары үшін дайындалады. |
|
«ФАРМАЦИЯ» мамандығы Біліктілігі “Фармацевт” Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай |
«ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» мамандығы Біліктілігі «Медициналық зертханашы» Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай |
«ГИГИЕНА – ЭПИДЕМИОЛОГИЯ» мамандығы Біліктілігі «Гигиенист-эпидемиолог» Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай |
|
Фармацевт емханада, бірінші топты емханалық бөлімдерде, емханалық қоймаларда (баз), медициналық техника дүкендерінде (қоймада, базада), бақылау-талдау зертханаларда халықты және медициналық мекемелерді емдік құралдармен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін дайындалады. Фармацевт дәрігердің берген рецептін бақылауға және үйлестіруге, дәрілік құралдарды ұтымды дұрыс қабылдау бойынша ұсыныс бере алады. |
Маман клиникалық, биохимиялық, сан.эпидемиологиялық зертханаларда жұмыс істеу үшін дайындалады. Зертханашының атқарымды міндеттері: - түрлі зерттеулер үшін материал алу әдістерін меңгеру; - өздігінше микроскопиялық, - биохимиялық зерттеулерді жүргізуге; - қан талдамасын жасауға.
|
Маман тағамдық, өндірістік кәсіпорындардың және зертханалық-аспаптық әдістерді қолдану арқылы басқа да объектілердің санитарлық-гигиеналық зерттеулерін жүргізеді; зерттеулердің нәтижелері бойынша қорытынды немесе акті құрастырады.
|
|
«МЕЙІРГЕР ІСІ» - ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТ Оқу мерзімі: (1,6 жыл және бюд., 3,6 жыл) |
||
|
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша жоғары кәсіби клиникалық бағдарланған мейібике – менеджерлерді дайындау бойынша еуропалық нұсқауларға сәйкес білім беру бағдарламасы енгізілді. |
||