Колледжге оқуға түсу реті
Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжіне оқуға қабылдау конкурстық негізде талапкер қол қойған өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжіне оқуға түсетін студенттер құрамына қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бойынша бағалаудың орташа баллының нәтижесі бойынша өткізіледі.
Орташа балл бағалардың жалпы ұпайы негізінде шығарылады:
|
9 сынып базасында:
|
11 сынып базасында:
|
|
-қазақ тілі немесе орыс тілі; - биология; -химия
|
-қазақ тілі немесе орыс тілі; - Қазақстан тарихы - биология; -химия
|
Орта білімнен кейінгі білім беру базасындағы талапкерлер үшін:
- ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, эссе жазу түріндегі арнайы конкурс.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар, мамандық бейіне сәйкес келмейтін медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін – мамандық бейіні бойнша екі пән және нысан бойынша эссе жазу түріндегі арнайы конкурс.
«Мейіргер ісі» (1,6 жыл) мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының жеделдетілген траекториясы бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу жүргізіледі:
1) «Мейіргер ісі» және «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар адамдар арасынан;
2) мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі және «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» маманының сертификаты бар адамдар арасынан
