16.03.26 ж. болашақ мамандардың дәрілік заттар бойынша ақпараттандырылған әрі объективті кеңес беру, өзін-өзі көмек, өзін-өзі алдын алу және өзін-өзі емдеу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында кадр мәселелері бөлімінің жетекшілері Герман Е.Н. және бизнес-тренер Коваленко Т., бөлім меңгерушісі Соловьева Л.В., сондай-ақ оқытушылар Беспаева Ш.А., Деменёва Е.С., Акбаева Ш.А., Житкентбаева К.А., Испанова Ш.Ж., Камалбекова А.А. қатысуымен шеберлік сабағы өткізілді. Сабақ барысында шағын топтарда проблемалық жағдайларды талдау, рөлдік ойындар және пікірталас әдістері қолданылды.
Шеберлік сабағы барысында дәрілік препараттарды фармакологиялық топтар бойынша талдау көрсетілді. «Фармация» мамандығының 3 Фарм 1, 3 Фарм 2, 2 Фарм топтарының студенттері рөлдік ойын сахналады. Дәрігердің тағайындауынсыз дәрілік затты таңдау кезінде адамға қалай кеңес беру керектігі көрсетілді.
Студенттерге «Науқасқа өзін-өзі емдеу үшін қандай дәрілік препараттарды ұсынуға болады?» деген проблемалық сұрақ қойылды. Студенттер тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, сұрақтарға белсенді жауап берді, мәселелерді шешудің тың жолдарын ұсынды және дәрілік препарат сатып алу үшін жүгінген клиентке қалай кеңес беру қажеттігі туралы өз пікірлерімен ашық бөлісті.
Қорытындысында қатысушылар осындай кездесулердің қажеттілігі туралы пікір білдірді, өйткені қазіргі таңда фармацевттің кеңесші ретіндегі рөлі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.