Колледж студенттері арасында терроризм актілері туралы жалған хабарламалардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру сипатындағы бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Бейнематериалдар жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, жауапкершілік деңгейін арттыруға және террористік сипаттағы жалған хабарламалармен байланысты құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталды.
Көрсетілім барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік түсіндіріліп, қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтық жауапкершілікті сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу студенттердің қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастырып, жастар ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.